1 Қыркүйек-Білім күні
1 Қыркүйек - Білім күні сценарий
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру
5.Әнұран шырқалады.
6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)
7. Ән жолданады.
8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы
9. Салтанатты жиынның жабылуы.
I жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді қонақтар ата-аналар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Саналы ұрпақ- жарқын болашақ!”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
І жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап сап түзейміз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимн орындалсын.
ІI жүргізуші:
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1.Батаев Руслан Қарсанұлы- Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектеп директоры
2.Болат Ошақбаев - Аққұм ауылдық округінің әкім
3.
4.Әбдімомын Мұсабаев – ата-аналар комитетінің төрағасы
Жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.
Жүргізуші:
«Саналы ұрпақ- жарқын болашақ!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Батаев Руслан Қарсанұлына беріледі.
Жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)
2.Болат Ошақбаев - Аққұм ауылдық округінің әкім
3.
4.Әбдімомын Мұсабаев – ата-аналар комитетінің төрағасы
Жүргізуші:
Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап 4 а сынып оқушысы Досалы Аяулымның оындауында «Ұстазым менің , ұстазым» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру кезегі Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұрсынбаева Құралайға беріледі.
Жүргізуші:8 «ә» сынып оқушысы Жүнісбек Айсұлудың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді
Жүргізуші:
«Жүректен жүрекке» ұранымен «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акция барысында мектеп ұжымы 1- сынып оқушыларын
1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтауын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
4«ә» сынып оқушысы Итемген Қаламқастың орындауында «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз-деп ата-аналарға сөз беріледі.
Жүргізуші:
6«ә» сынып оқушысы Ергенбай Нартуған орындауында « Қазақстан » әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып оқушысы Мұсабаева Аяна пен 1 сынып оқушысы Арпабек Айбек ие болып отыр.
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап сап түзейміз.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимн орындалсын.
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған “ Саналы ұрпақ- жарқын болашақ!” мерекесі өз мәресіне жетті.
Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Білім күні құтты болсын.
Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!


