14
февраль
2019
"Бәрі сүйіспеншіліктен басталады"
Тақырыбы: «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады»
Мақсаты:
Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру.Сара Алпысқызы Назарбаеваның өміріне тоқталып алған жетістіктері жайында мәлімет беру.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Өзін-өзі тану» пәнінің идеясының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне сәйкес ұйымдастырылған «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты онкүндіктің қорытынды кешіне қош келдіңіздер.
Әсем ерек достарым,
Өмірге көп қосқаның,
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты-дей отыра келесі кезекті «Анашым » атты әсем әнге береміз.Орындайтын 5 «а» сынып оқушысы Ергенбай Нартуған
Жүргізуші:
Ендеше бүгінгі біздің концертіміз Сара Назарбаева Алпысқызына арналмақ.»Даналық шыңы- махаббат десек» балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы. Ендігі кезекте Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы мен оның жетістіктері жайында 7 «а» сынып оқушысы Жүрсінәлі Ақниет мен 7 «а» сынып оқушысы Байбәкір Нұрайды тыңдайық.
Жүргізуші:
Келесі кезеңде 7 сынып оқушыларының «Мейірімді жүрек-жылы тілек » атты флешмоб биін тамашалайық.
Жүргізуші:
Еңбек етсең ертеңгі,бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер, бақытыма сенемін
Арым таза ақ көңіл, адалдыққа сенемін
Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін –дей отыра келесі кезекті тақпақтарға береміз
Орындайтын 2 , 3 «а» сыныбымен 3 «ә» сынып оқушыларының тақпақтарын тыңдайық.
1.оқушы:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың,сан аспансың,биіксің,
Сен дархансың,сен жомартсың данасың.
2.оқушы:
Алғыс айтам, мен Сарадай анама,
Бүлдіршінге бақыт сыйлап жыр сепкен.
Балбөбектер анасының данасы ,
Жүректерге махабатпен нұр төккен.
3.оқушы:
Көз жүгіртсем кітабыңа саралай ,
Қалмас сірә жүзіңнен нұр тарамай.
Бәріміздің атымыздан мың алғыс,
Парасатты анамызға Сарадай.
4.оқушы:
Жұдырықтай жүрегіміз,Сіз бастаған білім жолы,
Қуаныштан шаттанып,Өзін-өзі таныған.
Жыр арнаймыз ана сізге,Бөбектерің қанат жайып.
Бар ғаламға мақтанып жаңа өмірге қол созам
5.оқушы:
Құттықтаймыз Сара апай аман болсын басыңыз,
Ең қымбатты күніңізбен ағармасын шашыңыз.
Тілейміз біз шын жүректен шөбере сүйіп әліде,
Бақыт нұрлы ұзақ өмір!Жүзге жетсін жасыңыз.
6.оқушы:
Алда өмір белесі,Ана-біздің күніміз !
Қартайдым мен демеші,Ана-біздің гүліміз.
Туған күнде жыл сайын,Ұланды ана қуантып,
Қуанышқа бөленіп,Ұзақ өмір сүріңіз.
7.оқушы:
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен анамыз.
Алдарыңызда мәңгілік қарыздар болып қаламыз,
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз.
8.оқушы:
Осының бәрін кішкентайдан үйреткен,
Мейіріммен сәбиіне нұр төккен.
Біз тілейміз ,Сара анаға денсаулық,
Шаттыққа толы жылы жүрекпен.
9.оқушы:
Алда талай қиналу,алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтіғұн арманда асыл жолда алыс.
Шешек жару, гүл ату-Жер ананың төл ісі,
Жылағанды жұбату, Ел анадан-қалған іс.
Жүргізуші:
Ендеше, алдарыңызда әсем әнімен Айсұлу мен Тоғжанды қарсы алыңыздар
«Періштеңді жылатпа» әні
Жүргізуші:
Өзімізді біліп танып
Бастадық жақсы қадам,
Мықты болса іргеміз.
Бәрімізде біргеміз
Жадыраймыз бәріміз-дей отыра келесі кезекте 5 «а » сыныбының мың бұралған бишілерінің биін тамашалайық. Түрік биі
Жүргізуші:
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Ендігі кезекте 9 , 8 сынып оқушыларының арасында Сара Алпысқызына арналған театрланған қойылымдарды қабыл алыңыздар.
«Қайырымдылық жан жылытар»
«Адал достық»
Жүргізуші:
Бар жақсылық бір өзіңнен табылар
Ұстазға тән қасиеті бәрі бар
Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған
Шәкіртіңнің жыр — пейілін қабыл ал
Музыкалық әуен:
Әбілда Балаусаның орындауында «Әке» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңімен
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,
Өтеді әр адамның жүрегінен, -дегендей ортаға мәнерлеп оқуға қатысқан үздік оқушыларымызды шақырамыз
Тамабек Сағыныш
Нұрлан Іңкәр Төлеген Айбергенов «Ана»
Дүйсен Бибінұр Қадыр Мырза әлі «Ана»
Ділдабек Ақсезім
Досан Аяулым М.Мақатаев «Анашым»
Жүргізуші: Би өзбекше
Жүргізуші:
Жан –жағына нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе, көк майса.
Жүрегім жыли бастайды
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Жүргізуші: «Мейірбандық- жүректен» дейді халық. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.
Жүргізуші : Құрметті оқушылар,ұстаздар!
Бүгінгі өзін-өзі тану пәнінің 10 күндік іс шарамызда Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибратты тілегімен қорытындылайық. «Қымбатты балалар,мен-Анамын, Әжемін,шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа,айналадағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа.Сонда сенің бойыңда сенімділік,өмір сүруге деген құштарлық жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге ата-анаңа ең жақын адамдарға бауырмалдық,сүйіспеншілік бүр жарып,махаббатқа достыққа ұласады.Мен сендерге осындай ізгілік тілеймін.»-дей келе Бүгінгі өзін-өзі тану апталығымызды «Бес құндылық» әнімен аяқтайық. Орындайтын Итемген Қаламқас
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.