19
сентябрь
2017
Сценарий 1 сентябрь
Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектеп
Сәлем саған сүйікті,
Алтын ұя мектебім!
/салтанатты жиын/
ДТІЖО Ж:Б:Асылбаева
2016-2017 оқу жылы
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар,аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар.сүйікті шәкірттер, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндер!
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Сыңғырлай соққан қоңырау үнімен 1-Қыркүйек білім күнімен құттықтаймыз.
Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.Салатанатты жиын Қазақстан Республикасының 25 жылдығы және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналады. Бүгін әр сыныпта «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде б»рыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын!» атты білім сабағы жүргізіледі. Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар,-демекші Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің білім шаңырағына қош келдіңіздер. Мұнда сіздерді сапалы білім мен , тағылымды тәрбие, жарқын болашақ күтеді.
Әнұраным көгімде шарықтасын,
Көгілдір ту қиялда қалықтасын.
Әлем танып білетін елтаңбамды.
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының туы енгізілсін!(гимн ойналады)
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры беріледі.
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)
Даярлық сынып оқушысы орындауында «Ұстазым»
Алдыңызда болашаққа тартар жол,
Білім үшін күрескенде қауқары мол,
Сенгендері сендерсіңдер бүлдіршін,
Еліңе сен қыран құстай қамқор бол,-деп олай болса келесі кезекте мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге қошемет көрсетейік.Алғаш мектеп партасына отырғалы тұрған ,білімге құштар балаларымызға, алғаш аттаған қадамдарыңыз сәтті болсын.
Ұстаздықты таңдап өмір, алғаш жолында,
Жетелейді алғашқы ұстаз бар мұнда.
Жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелеу,
Іскер ,шебер ұсаздардың қолында.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар.Бүгінгі мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған , бүлдіршіндерімізідң алғашқы ұстаздарын қошеметпен қарсы алыңыздар.
1а сынып жетекшісі . Жас ұрпаққа білім беріп, алғаш қалам ұстауда өз уақытын аямаған, бала бақытын аялаған қадірлі ұстаз, өз мамадығыны қыр-сырын жетік меңгерген , ұрпақ тәрбиесінде берер игі нәтижелері мол.
1ә сынып жетекшісі Білім беруде біліктілік танытқан өнегелі ұстаз. "Ұстазсыз шәкірт -тұл " демекші өз шәкірттеріне мейіріммен қарайтын кішкенай бүлдіршіндерімізді асқар таудай азамат етететіндігіне сеніміміз мол.
Ұстаз-білім беретін ғажап адам.
Үйреткенін ешқашан санамаған,
Жас ұрпақты тәрбиелеп оқытуда.
Жанұшырып бар білімін саралаған.
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің
11 сынып оқушысы:
Кеше ғана аттаған,
Мектеп табалдырығын
Бүлдіршін едік бастаған
Ақ бантикті тұлымың
Иә, кеше, кеше еді,
Сәби едік балдырған
Азамат болып көшелі,
Табылмақпыз сан қырдан
Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз он жылды
Қанығып өмір қырына,
Зердеге түйдік мол сырды.
11-сынып оқушысы:
Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.
Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.
Жүргізуші:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай ,күн
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.
сынып оқушысы орындауындағы әнді қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.
Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздер үшін арнайды.
1-оқушы:
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
2-оқушы:
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
3-оқушы:
Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.
4-оқушы:
Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
5-оқушы:
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
6-оқушы: Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.
7-оқушы: Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
8-оқушы:
Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.
9-оқушы: Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.
жүргізуші:
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1-сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстаздарға береміз. Құрметпен ортаға 1 - сынып жетекшісі Бағатаева Айжанды шақырамыз
жүргізуші:
Ата-ана болу үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл ерер - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1- сыныбының ата-анасы --------------------------------------------қызын ортаға шақырамыз.
Жас бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қара» жорға
биі қабыл алыңыздар.
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
4. Алғашқы қоңырау салтанатына 11 сынып оқушысы Аманқұл Жалғас пен 1 сынып оқушысы Серікқызы Әмина ие болып отыр.
Жүргізуші: Соғылсын қоңырау,соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна,бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау,соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына сап түзеңіздер!
Ортаға ----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!
Сіздердің құрметтеріңізге «Ұстазым» әні орындалады..Қабыл алыңыздар!