"Сыңғырла соңғы қоңырау" » СШ Б.Токтыкожаулы
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 4452832
+7(771) 4194826
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сыңғырла соңғы қоңырау"
10
июнь
2019

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

   "Сыңғырла   соңғы қоңырау" сценарий
Жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде
 Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
 Жаһандағы ең жауынгер халықта
 Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып ҚР мемлекеттік туын көтеру құрметін мектеп бітіруші түлектер, үлгілі оқушыларға тапсырылады.
 
 
 Жүргізуші:
  Шырқалсын Қазақстан гимі!
 
 
Жүргізуші:
2018-2019 оқу жылының "Сыңғырла  соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамыздан талпынып қақты қанат
11 жылда оң солын таныған жас
      Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен "Сыңғырла соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныс   болайық. 
1.Батаев Руслан Қарсанұлы- Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектеп  директоры
2.Болат Ошақбаев - Аққұм  ауылдық округінің әкімі
3.Қыстаубаев Жандос Шахболатұлы-Білім бөлімінің  әдіскері.
4.Әбдімомын   Мұсабаев – ата-аналар   комитетінің  төрағасы
,
  Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 сынып жетекшісі: Алжанбаева Нұрғайша Күншібекқызын  құрмет-қошеметпен ортаға шақырамыз. 
 
 
 

II - жүргізуші 
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
 Жан сәулесін тарататын баршаға.
 Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
    
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
 Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
 Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
 Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
1.Арпабек   Меруерт  Болатбайқызы- Оқу озаты,  «Шамшырақ» олимпиадасының  1 орын жүлдегері
2.Ақберген  Ақниет  Талғатқызы- Оқу озаты, математика олимпиадасының  жүлдегері.
3.Аман   Балғын  Ғалымжанқызы- сабырлы да салмақты
4.Аязбек   Елизат  Аябекқызы- Қазақстан   чемпионаты
 Спортшы, талай жарыстарда  жеңіспен оралған жүлдегеріміз.
5,Байтан   Сара Серікқызы- Күміс көмей,жезтаңдай әнші
6.Жаныс Мадина Қанатқызы- Тараз   инновациялық- гуманитарлық олимпиадасының  жүлдегері
7.Тамабек  Сағыныш   Азаматқызы- Оқу озаты, «Сегіз қырлы, бір сырлы» инабатты қызымыз.
8. Керімбай  Ғайни Сатыбайқызы- оқу озаты Тараз мем-к   пед-лық  универ-ті олим-ң   1 орын   жүлдегері,
9. Нұрханова Айсұлу   Нұрланқызы- Оқу озаты, Облыстық  ғылыми жоба  байқауының   жеңімпазы
 10. Есенаманова Мадина-
Тараз  инновациялық- гуманитарлық  колледжінің  үздік   білімгері
11.Әлімхан Інкар- жамбыл мед-лық  колледжінің   үздік  білімгері
12. Тұрар Бақтияр- Жамбыл   политехникалық   колледжінің білімгері
13. Боранбай Тұрлыхан- Жамбыл   политехникалық   колледжінің білімгері
14.Жұмабай  Мақжан- Жамбыл   политехникалық   колледжінің білімгері
Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11          жылдың мәреге жеткен күні.
Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің  қимастық  кешкен  күн.
Бүгін -ұстазымның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
 Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
 Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. 
Жүргізуші:
Жолдайды мектеп мүдірі
Түлектерге ақ   тілек 
Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
Өмірде өшпейтін іс – ол  балаға берген білімін, мейірімің, қамқор пейілің. 
Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры 
1.Батаев Руслан Қарсанұлына   беріледі.
2.Болат Ошақбаев - Аққұм  ауылдық округінің әкімі
3. Қыстаубаев Жандос  Шахболатұлы-Білім бөлімінің  әдіскері.
4.Әбдімомын  Мұсабаев – ата-аналар  комитетінің  төрағасы
Жүргізуші:
7ә  сынып оқушысы Жүнісбек  Айсұлудың  орандауында «Ұстазым» әні қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: 
Жаңа оқу жылының  басталуы туралы бұйрықпен   таныстыру үшін сөз кезегі директордың тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасары Жанат  Асылбаеваға  беріледі.
Жүргізуші:
Қоштасады  алтын ұя  мектебің
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!» деп қол бұлғайық бәріміз
Тілейік біз   армандарға  жеткенің- дей келе, келесі кезекте 1-11 сынып  оқушыларының     концерттерін  қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Оқуды терең меңгеріп
Аманатты ақтаймыз
Мектепті үздік бітіріп
Әдеп –салтты сақтаймыз- деп-ендігі кезекті  11  сыныптың   10   сыныпқа «Білім  кілтін»табыс ету  кезекті  сәтіне   береміз.
Жүргізуші:
Кітап сенің қазынаң,
Кітап сенің жан досың.
Біліміңді асырар, 
Кітап сенің бақ құсың. – дей келе мектеп кітапхана демеушісі, ардагер ұстаз Тұрысбекова Рахила  апайға сөз беріледі.
 
 
Жүргізуші:
Келесі кезекте ортаға«Ақсақкиік» биімен  мың бұралған бишілерді шақырамыз
Жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп- келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі  -Алжанбаева Нұрғайша Күншібекқызына  беріледі
Түлектердің алғашқы ұстазы Маемерова Гүлмира апкейге сөз беріледі
Жүргізуші:
Келесі    кезекте 8а  сынып  оқушысы Пәрімбек Ұлжанның  орындауында   «Соңғы  қоңырау»әнін  қабыл   алыңыздар.
Жүргізуші:
Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Ата-ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп -11 сынып  ата-аналар атынан тілек сөз   ортаға  Үкібаева Нүрила апаймен  Тәкиев Қанат  ағайға  беріледі.
Жүргізуші:
 Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Соңғы қоңырауды соғуға 11- сынып оқушысы   Ақберген Ақниет және 1ә сынып оқушысы Теңелхан Ханзадаға  беріледі
Жүргізуші:
4-сынып  Ділдабек Аксезімнің орындауында «Гүлмін» әнін  қабыл алыңыздар.
Құрметті мектеп оқушылары: Республика туы астында сап түзеп, тік тұрыңдар! Мектеп бітіруші түлектердің 10 сынып оқушыларына табыстаған МЕКТЕП ТУЫН алып кетуге рұқсат.
Ту алып кетеді          Гимні орындалады
Құрметті   оқушылар 1 мен 6 сынып   оқушыларымен қоштасымыз
7 мен 11 сыныптар қалады
1-жүргізуші:
Самғаңыздар бейбіт елдің аспанында
Зулайды жастық дәурен қас-қағымда
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына – деп бүгінгі кешімізді қорытындылаймыз.
Қош сау болыңыздар!

Похожие публикации:

19 сентябрь 2017 Сценарий 1 сентябрь
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив