02
октябрь
2019
"Қарттарым аман-сау жүрші!"
Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздарының ұйымдастыруымен «1-қазан-қарттар күні»- не «Қарттарым аман-сау жүрші!» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Іс шараға ауыл қариялары шақырылып, құттықтау сөздер айтылып, концерттік бағдарлама жүргізілді. Оған ауыл әкімі Ошақбаев Болат, ардагерлер ауылдық мәдение үйінің қызметкерлері атсалысып, оқушылар ән салып, би биледі.










