27
февраль
2018
Құқық айлығы
Ақпан айында «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын-алу, оны болдырмау айлығы» жоспарға сай жүргізілді. Құқықтық білім беру бойынша лекторлар жұмыс жүргізіп, ата-аналар мен оқушылар арасында баяндама жасалды. Бала құқығы туралы конвенция, ҚР «Балалар еңбегі туралы» заңымен таныстырып «Менің құқығым»тақырыбында дөңгелек үстел, «Мектептегі құқықтық тәрбие-құқықтық мәдениетті жетілдіру жолы» тақырыптарында баяндама оқылып, тәрбие сағаттары жүргізілді. Мектеп оқушылары арасында қылмыстық іс-әрекеттер мен қатыгездіктің себептерін анықтау мақсатында «Тұлғаны қалыптастыруда отбасының ықпалы» тақырыбында әлеуметтік сауалнама алынып, сараптама жасалды. Ұлдар арасындағы әлімжеттік, қысымға алу фактілерін анықтау, болған жағдайда оны жою , оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тазалығын қадағалау ,құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын-алу мақсатында мұғалімдер мен ата-аналардан бірлескен кезекшілік ұйымдастырылып, рейд жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушылары арасында діни идеялардың таралуының алдын-алу және терроризмнің зардаптары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.