Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспары » СШ Б.Токтыкожаулы
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 4452832
+7(771) 4194826
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспары
23
ноябрь
2017

Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспары

2017-2018 оқу жылы

Мақсаты
Әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау.
Міндеттері
Әлеуметтік педагог өз қызметтік мақсатын жүзеге асыру барысында мына
міндеттерді атқарады:
- Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету.
- Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды.
- Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтайды.
- Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді.
- Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу).
- Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады.
- Түрлі әлеуметтік топтарда сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету
- Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.
Әлеуметтік педагогтің қызметтік бағыттары
Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:
• балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін
психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
• социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау
арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
• баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.



р\с Өткізілетін іс- шара Жұмыс түрі Жауапты Мерзімі
1 Әлеуметтік -педагогикалық оңалту
1.1 «Қауіпті топ », аз қамтылған, көп балалы,жартылай отбасында тәрбиеленетін,мүгедек, мүмкіндігі шектеулі,жетім және ата - анасының қамқорлығынан айырылған білім алушыларды анықтау Білім алушылардың жеке құжаттарымен танысу, әлуметтік мәртебесіне қарай тізімдерін жөндеу А. Ержанқызы Қыркүйек
1.2 Сыныптың, мектептің әлеуметтік төлқұжатын әзірлеу
1,5 – сыныптың, мектепалды даярлық топтарының, мектепке жаңа келген оқушылардың мектепке бейімделуі бойынша жұмыстардың қорытындысы
Ата –аналармен және сынып жетекшілермен жұмыс жүргізу
А.Ержанқызы Қазан , қаңтар
1.3 Білім алушылардың сыныптағы, отбасындағы жағдайын анықтау,мәселелерді шешуге ат салысу
Бақылау және әңгімелесу
(оқушылармен, ата-аналармен) А. Ержанқызы
сынып жетекші Жыл бойы
1.4 «Мектепке жол » қайырымдылық акциясы
Бала және отбасына көмек беру Қайырымдылық акциясы
(оқушылармен) А. Ержанқызы
сынып жетекші,
ата-аналар комитеті тамыз
қыркүйек
1.5 Отбасы өмірінің жағдайын тексеру
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жағдайы туралы Тексеру актісін құрастыру
А. Ержанқызы
сынып жетекші Желтоқсан, наурыз
1.6 Білім алушылардың мектеп жағдайындағы құқығын қорғау: қажетті оқу,тәрбие алуын,тағамдануын,оларға деген қарым- қатынастың уақытылы орындалуын қадағалау Бақылау, аңгіме құру
(оқушылармен, ата-аналармен) А. Ержанқызы
сынып жетекші Үнемі.
1.7 «Қамқор» қайырымдылық акциясы Қайырымдылық акциясы
(оқушылармен) А. Ержанқызы
сынып жетекші,
ата-аналар комитеті Қаңтар
1.8 Алдын алу жұмыстарын жүргізу.
(Нашақорлық, темекі шегу, ұрлық т.б.)
«Жаман әдеттен сақ болайық»
Әңгіме, кеңес
(оқушылармен, ата-аналармен) А. Ержанқызы
сынып жетекші наурыз
2 Диагностикалық жұмыс
2.1 Аз қамтылған, жетім, ата- анасының қамқорлығынан айырылған және мүгедек білім алушылардың қызығушылығын анықтау Спилбергтің «Өзіндік баға берудің жеке шкаласы» тест
(оқушылармен) А. Ержанқызы
Л. Балапанова
сынып жетекші Қаңтар
2.2 Білім алушылардың әлеуметтік ортасын диагностикалау отбасын,қарым - қатынас ортасын, қызығушылығын, қажеттілігін анықтау
«Мен кіммін?» анкета
(оқушылармен) А. Ержанқызы
Л. Балапанова
сынып жетекші Жыл бойы
2.3 ҰБТ- ден өтетін оқушыларды анықтау Әңгіме,кеңес
(оқушылармен) А. Ержанқызы
Л. Балапанова
сынып жетекші
Ақпан
2.4 «Жүрегіңді мейірімділікке толтыр » Қайырымдылық жәрмеңкесі
(оқушылардың қолөнері) А. Ержанқызы
Л. Балапанова
сынып жетекші Ақпан
3 Әлеуметтік алдын алу шаралары
3.1 «Адамгершілік мұраттары» Мектепшілік тәртібі төмен оқушылармен тәрбие сағаты А. Ержанқызы
Л. Балапанова
сынып жетекші Қараша
3.2 «Көктемгі ізеттілік» Акция
(оқушылармен) А. Ержанқызы Сәуір
3.3 Мектепішілік және сыныптағы шиеленіс жағдайларының алдын алу,ескерту шаралары Әңгіме, кеңес
(оқушылармен, ата-аналармен) А. Ержанқызы
Л. Балапанова
сынып жетекші Үнемі
3.4 Солақай балалардың психологиялық ерекшеліктері Солақай балалармен кездесу, кеңес А. Ержанқызы
Л. Балапанова
сынып жетекші Қазан
3.5 Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
Мектеп асханасының жұмысы, жалпыға ортақ міндетті оқумен қамтамасыз ету жайы. Дөңгелек үстел
(оқушылармен) А. Ержанқызы
сынып жетекші Қазан
3.6 Отбасымен алдын алу шаралары:
- Жағдайы нашар отбасыларын анықтау;
- Жағдайы нашар отбасыларына картотека жүргізу;
- Үйлеріне барып тұру;
- Бала тәрбиесімен тыс қалған ата –анамен жұмыс Әңгіме,кеңес, картотека толтыру, тексеру актісін құрастыру
(оқушылармен, ата-аналармен) А. Ержанқызы
Л. Балапанова
сынып жетекші
Қыркүйек


Жыл бойы
3.7 «Мейірімді жүрек»
Қамқоршы және аз қамтылған ата- аналарға арналған дөңгелек үстел А. Ержанқызы
сынып жетекші,
ата-аналар комитеті Қазан
3.8 «Өмірдегі ең басты нәрсе не?» Дөңгелек үстел
(оқушылармен, ата-аналармен) А. Ержанқызы

3.9 Аз қамтылған оқушылардың оқу үлгерімін,сабаққа қатысуын, бос уақытын қадағалау
Бақылау
(оқушылармен)
А. Ержанқызы
Үнемі
4 «Отбасы дәстүрлері» Пікір-талас
(оқушылармен) А. Ержанқызы
Қазан
4.1 Әлеуметтік педагог қызметкерінің мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде алатын орны.
Баяндама
(ата – аналар жиналысы) А. Ержанқызы

Желтоқсан
4.2 «Адам не үшін өмір сүреді?» Ток шоу
(оқушылармен) А. Ержанқызы
Л. Балапанова Желтоқсан
4.3 Баланың әлеуметтік жағдайы – бәрімізге ортақ Дөңгелек үстел
(мұғалімдермен, ата-аналармен) А. Ержанқызы
Қаңтар
4.4 Мектептен тыс қарым-қатынас шаралары:
Ата-аналар комитеті жұмысына қатысу:
- Жергілікті басқару огандарында,медициналық-әлеуметтік-психологиялық орталықтарында «отбасы-бала жұмысы жөнінен» мектеп атынан қызмет атқару;
- Қамқорлық органдарымен;
- Құқық қорғау органдарымен;
- Әлеуметтік қорғау мекемелерімен Кеңес беру жұмысы А. Ержанқызы
сынып жетекші,
ата-аналар комитеті Қаңтар

Ақпан
Наурыз


Сәуір
4.5 Аз қамтылған отбасы балаларына берілген көмектің қорытынды есебі Қорытынды есеп беру А. Ержанқызы
Мамыр

Әлеуметтік педагог А. Ержанқызы

Похожие публикации:

20 ноябрь 2017 Ішкі тәртіп
19 сентябрь 2017 Сценарий 1 сентябрь
04 сентябрь 2017 Мектеп әкімшілігі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив