20
ноябрь
2017
Ішкі тәртіп
«Бекітемін»
Мектеп директоры
_____________ Р.Батаев
31 тамыз 2017 жыл
Педагогикалық кеңесте білім ұйымының қызметінің үлгілік ережесі ретінде қаралып, бекітілді
«31» тамыз» 2017 ж. хаттама №1
Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің ішкі тәртіп ережелері
Жалпы ережелер
Ішкі тәртіп ережелері – қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару, еңбек келісімшарттарына қол қойған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері, оқушылар мен педагог қызметкерлердің жұмыс тәртібі, демалыс уақыты, оқушылар мен педагог қызметкерлерді марапаттау мен оларға тәртіптік шара қолдану, сонымен қатар еңбек қатынастарын реттеуге қатысты мәселелерді шешуге бағытталған білім мекемесін басқарудың үлгілік ережесі болып табылады.
Ереже білім мекемесінің Жарғысына, ҚР Еңбек Кодексі, ҚР «Білім туралы» Заңына және басқа да заңнамаларға сәйкес дайындалады.
Ішкі тәртіп ережелерін білім мекемесінің қызметкерлері мен білім алушылар орындауға міндетті.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібі
Жұмысқа қабылдау барысында қызметкер төл құжатын; еңбек кітапшасын; әскери міндетті тұлғалар әскери тіркеу құжатын; зейнеткерлік жинақтау қорының куәлігін; медициналық тексеруден өткендігін растайтын медициналық кітапшасын; білімі және біліктілігі туралы құжатты көрсетуге міндетті.
Егер еңбек келісімшарты бірінші рет дайындалса, онда мемлекеттік зейнеткерлік сақтандыру кәулігі мен медициналық кітапша алғаш рет жұмыс беруші толтырады.
Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді, ұйымдағы еңбек қызметі мен ҚР Еңбек Кодексінің нормаларына сәйкес еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбаларды қамтитын құжат болып табылады.
Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.
Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіпжасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады.
Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігін сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі.
Қызметкерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару білім мекемесінің бұйрығымен рәсімделеді және сәйкесінше қызметкердің еңбек кітапшасына жазба жазылады.
Қызметкерлердің негізгі міндеттері
Білім мекемесінің барлық қызметкерлері;
а) адал және ниеттілікпен жұмыс істеуге, мектептегі тәртіптің негізі болып табылатын еңбек тәртібін сақтауға, мектеп әкімшілігінің тапсырмаларын дер кезінде және нақты орындауға, еңбек өнімділігі үшін жұмыс уақытын пайдалануға, басқа қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға кедергі әрекеттерден бас тартуға;
б) еңбек қауіпсіздігі талаптарын, өндірістік санитарияның, еңбек гигиенасын және өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
в) бір қалыпты жұмысқа кедергі келтіретін себептер мен жағдайларды болдырмау шараларын қолдануға және болған жағдай туралы әкімшілікке хабарлауға;
г) материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтау ережелерін орындауға;
д) білім мекемесінде тағайындалған зияткерлік меншіктің, мектептің қызмет және коммерциялық сырын қорғау тәртібін сақтауға;
е) мектептің меншігін күтіп сақтауға, жабдықтарыды (компьютерлер мен оргтехниканы) тиімді пайдалануға, техникалық және оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, материалдарды, электр энергиясын, отынды және басқа да материалдық ресустарды үнемдеп жұмсауға;
ж) мектептің директорының нұсқауларын дер кезінде және дәл орындауға;
з) өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті.
Білім мекемесіндегі әдістемелік бірлестік жетекшілері:
а) өзінің мамандығы бойынша әдістемелік және оқыту жұмыстарын жоғары ғылыми деңгейде жүргізуге;
б) оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындауына және мектеп меншігін (оқу бөлмелеріне,мүлікке,оқу құралдарына,оқулықтарға және т.б) ұқыпты пайдалануына айрықша көңіл бөле отырып, оларды тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыру;
в) ғылыми зерттеу жүргізуге; осы зерттеу нәтижесін мектепте тағайынды тәртіппен пайдалануға қатысуға;
г) теориялық білімін, тәжірибесін, ғылыми жұмысты жүргізу әдістерін, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге;
д) мектеп түлектерімен тұрақты байланысты жүзеге асыруға, олардың өндірістегі қызметтерін зерттеуге және осы талдау негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіруге міндетті.
Қызметкерлердің негізгі құқықтары
Мектеп қызметкерлері:
- қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайына;
- ҚР Еңбек Кодексінде қаралған тәртіптік ережелер мен талаптарға сәйкес еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, тоқтатуға;
- еңбек шартында қарастырылған жұмыспен айналысуға;
- уақытылы және толық көлемде еңбек ақы алуға;
- жұмыс уақытының ұзақтығының белгіленген шегін қамтамасыз ететін демалыс алуға, мереке күндері демалуға, мектеп директорымен бекітілген ақылы кезекті еңбек демалысына (28 күнтізбелік күннен кем емес) шығуға;
- ҚР Еңбек Кодексі мен басқа да заңнамалар арқылы бекітілген тәртіпте өзінің біліктілігін арттыру, кәсіби дайындық пен қайта даярлаудан өтуге;
- ҚР Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес еңбек шартында көрсетілген міндеттерін атқару барысында алған жарақаттарға және т.б. байланысты төлемақы алуға;
- денсаулығына және жасының ұлғаюына байланысты әлеуметтік қамтамасыздандыруға;
- өзінің еңбектік құқықтары мен еркіндігін сот арқылы қорғауға;
- іскерлік келбетін, абыройы мен ар –ожданын қорғауға;
- өзінің еңбек құқықтарын, еркіндігін және заңдық қызығушылықтарын заңда қарастырылған әдістер шеңберінде қорғауға;
- кәсіподақ ұйымына мүше болуға құқылы.
Мектеп оқушыларының міндеттері
Мектеп оқушылары:
а) теориялық білімі мен практикалық дағдыларын терең және жүйелі меңгеруге;
б) міндетті оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін бекітілген мерзімде орындауға;
в) мектептің ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын орындауға;
г) себепті жағдайларға байланысты сабаққа қатыспаған күннің ертеңіне сынып жетекшісіне себебін хабарлауы және себепті жағдайды растайтын құжат көрсетуге міндетті. Ауырып қалған жағдайда сынып жетекшісіне емдеу мекемесінің бекітілген тәртіптегі анықтамасын көрсетуге;
д) сынып бөлмесіне мұғалімдер, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі кіргенде орнынан тұруға;
е) мектептің меншігіне (сынып бөлмелеріне, компьютерлер мен және оргтехникаға, оқу құралдарына, кітаптарға және т.б.)ұқыпты пайдалануға міндетті; оқушыларға мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз мектептен оқу құралдарын және басқа да заттарды алып кетуге болмайды;
ж) тәртіпті және ұқыпты болуға;
и) мектептің қоғамдық өмірі мен қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді, өзінің құрбыларының арасында ғылыми білімді насихаттауға қатысуға міндетті;
з) мектеп ішінде рұқсат етілген формамен жүреді, бас киім, хиджаб киіп жүруге болмайды;
к) оқушыларға мектептің ішіне және сабаққа ұялы телефонды алып кіруіне рұқсат етілмейді.
Білім алу тәртібін, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтамағаны үшін мектеп әкімшілігі оқушыларға ескерту, сөгіс, заңда қарастырылған жағдай шеңберінде мектептен шығару сияқты әртүрлі тәртіптік жазалар қолдана алады.
Мектеп әкімшілігінің міндеттері
Мектеп әкімшілігі педагогтардың және мектептің басқа да қызметкерлерінің қызметтері мен мамандықтарына байланысты еңбегін ұйымдастырады.
Мектеп әкімшілігі қызметкерлерді жұмыс орнымен уақтылы қамтамасыз етуге тиіс. Қызметкерлер берілген тапсырмамен таныстыруды және жұмыс күнінің барысында жұмыспен қамтамасыз етіледі:
Мектеп әкімшілігі:
а) еңбек қауіпсіздігі жағдайын жасауға, жұмыс істеп тұрған құрылғымен қамтамасыз етуі тиіс; мұғалімдерге уақтылы сабақ кестесін хабарлауға; оқу жылына арналған оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да педагогтар құрамының орындайтын жұмыстарына сәйкес жоспарларды бекітуі тиіс;
б) заманауи өндіріс талаптарына, ғылымның, техниканың және мәдениеттің жаңа жетістіктеріне, оларды дамыту мен еңбекті ұйымдастыру болашағына сәйкес оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту сапасын жақсарту үшін жағдай жасауы тиіс, оқытудың озық әдістерін зерттеу мен енгізуді ұйымдастыруы тиіс;
в) қызметкерлер мен оқушылармен тәрбие жұмысын жүзеге асыруы, мәдени-тәрбие жұмыстарын, дене шынықтыру және көркем-шығармашылық сабақтарын өткізуге жағдай жасауға тиіс;
г) қоғамдық ұйымдардың, мұғалімдердің, басқа да қызметкерлердің, сонымен қатар оқушыларының мектеп жұмысын жақсартуға бағытталған, үздік қызметкерлерді қолдау мен марапаттауға бағытталған ұсыныстарды уақытылы қарауы және енгізуі тиіс;
д) еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуі, еңбек тәртібін бұзғандарға шара қолдануы тиіс;
е) еңбек және еңбекті қорғау заңдарының сақталуын бақылауы; қызметкерлердің еңбектері мен оқушылардың білім алу жағдайларын жасаулары тиіс;
ж) еңбек нормасы мен еңбекақы төлеу шарттарын дұрыс қамтамасыз етуі тиіс (мектеп жеке заңды тұлға болмағандықтан мектеп қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу кепілдігі білім мекемесіне беріледі);
з) мектептің барлық қызметкерлеріне уақытылы еңбек демалысын қамтамасыз етілуі тиіс;
и) мұғалімдерге оқу жылының соңында (еңбек демалысына кетер алдында) келесі жаңа оқу жылындағы оқу жүктемесінің көлемін хабарлауы тиіс;
к) оқушылардың үлгермеушілік себептерін анықтауы, оларға қосымша сабақтар ұйымдастыруға көмектесуі тиіс;
л) мектепке қабылданған тәртіпке сәйкес мектептің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін қолдану және беруді, зияткерлік меншікті, қызметтік және коммерциялық құпияны қорғау мен қолдануды қамтамасыз етуі тиіс;
м) мектепті қорғауды, қондырғылар мен құрылғыларды сақталуын, сонымен қатар оқу бөлмелеріндегі қажетті тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс; ғимаратты, мүлікті қорғау және оның өрт қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайы мектеп директорының бұйрығымен әкімшілік-шаруашылық бөлімі және мектептің қауіпсіздік қызметінің жауапты тұлғаларына бекітіледі;
н) мектеп директорының бұйрығымен азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау уақытын белгілеуі тиіс.
Мектеп әкімшілігі өзінің міндеттерін білім мекемесінің Жарғысына сәйкес жүргізеді.
Мектеп директорының құқығы
Мектеп директоры:
1) мектепті басқару бойынша әкімшлік бөлу жұмыстарын жүзеге асыруға; мектептің барлық қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар шығаруға; нұсқаулар беруге;
2) ҚР Еңбек Кодексі мен басқа да заңдылықтар шеңберінде қызметкерлердің еңбек шарттарының жобасын дайындауға;
3) үлгілік ережелер қабылдауға;
4) барлық қызметкерлердің өздеріне бекітіліп берілген еңбек міндеттерінің орындалуын және мектептің мүлкіне ұқыптылықпен қарауды, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауды талап етуге;
5) мектептің атынан әрекет етуге және барлық мекемелер мен ұйымдар алдында мектептің қызығушылығын танытуға;
6) мектептің штаттық кестесі мен құрылымының жобасын дайындауға және оны жоғары өкілетті орган алдында көрсетуге;
7) тәртіптік тексеру жүргізуге;
8) мектептің барлық қызметкерлеріне ҚР Еңбек Кодексінің шеңберінде тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
Жұмыс уақыты және оны пайдалану
Білім мекемесінде:
а) педагогтар құрамы үшін алты күндік;
б) әкімшілік-шаруашылық және қызмет көрсету қызметкерлері үшін алты күндік жұмыс аптасы бекітілген.
Мектепте:
а) педагогтар құрамы үшін алты сағаттық жұмыс күні (аптасына 36 сағат); б) мектептің қызметкерлері үшін 7 сағаттық бес күндік жұмыс аптасы; сенбі күні 5 сағаттық (аптасына 40 сағат) жұмыс уақыты;
в) мектепте сабақтың басталу уақыты 8 сағат 30 минутта бекітілген. Мектепте педегогикалық кеңесте қабылданып, мектеп директорының бұйрығымен бекітілген қоңыраулар кестесі бар.
Мектеп басшысының, оның орынбасарларының, басқа да басқарушы қызметкерлердің жұмыс уақыты білім мекемесіндегі басқарушылық әрекеттерді қамтамасыз ету қажеттілігіне сәйкес анықталады.
Өзінің қызметтік міндеттерін жұмыс күнінің барысында үздіксіз орындайтын педагог қызметкерлер үшін түскі үзіліс уақыты берілмейді. Білім мекемесінің қызметкерлерінің тамақ ішуі білім алушылармен, тәрбиеленушілермен қатар жүзеге асырылады.
Оқытушылық құрам, жұмысшылар және қызметкерлер қосымша жұмысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес негізгі жұмыстан бос уақытта орындуы керек.
Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, сонымен қатар сынып жетекшілері сабақтар кестесінің сақталуын, жеке оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларының орындалуын бақылайды.
Сабақтың басталуы және аяқталу уақыты мектеп қызметкерлеріне қоңыраулар берілу арқылы хабарланады.
Мектеп ғимаратына кезекшілердің рұқсатымен жүзеге асырылады. Оқу кабинеттерінің кілттері күзет қызметінде сақталады, оларды алғандығы туралы қызметкерлер журналға қол қояды. Кілтті алған күні міндетті түрде қайта өткізу керек. Кілттерді уақытылы өткізбеу тәртіп бұзушылыққа жатады.
Қызметкерлерге, мектеп әкімшілігіне, оқушыларға мектеп ғимаратында сырт киіммен, бас киіммен жүруге болмайды; дауыстап сөйлеуге, темекі шегуге тыйым салынады.
Мектеп әкімшілігі жұмысқа келу және кету уақыттарды тіркеуді ұйымдастыруға міндетті. Тіркеу орнында уақытты дәл көрсететін сағат болуы қажет.
Жұмысқа мас күйінде келген қызметкерлер сол күнгі жұмысқа жіберілмейді, әрі жұмысқа келмеді деп есептеледі.
Жұмысқа белгілі бір себептермен келе алмайтын мұғалім немесе басқа да қызметкерлер тез арада бұл туралы мектеп әкімшілігін немесе мектеп басшыларының біріне міндетті түрде хабарлауы тиіс.
Жұмысқа келмеген мұғалімді немесе басқа да қызметкерді мектеп әкімшілігі оны басқа мұғаліммен (қызметкермен) тез арада ауыстыру туралы шара қабылдауы тиіс.
Мектеп әкімшілігі артық жұмыс тез арада уақытын ерекше жағдайларда қолданады.
Мектеп директоры жекелеген жағдайда кейбір қызметкерлер үшін жылжымалы жұмыс тәртібін бекіту туралы бұйрық шығаруы мүмкін. Мектеп директоры мен директордың орынбасарларының жұмыс уақытының нақты нормасы болмайды.
Жұмыс уақытындағы тәртіп
Жұмыс уақытында рұқсат етілмейді:
а) қызметкерлерді тікелей жұмысынан алаңдатуға; педагогикалық әрекеттерге байланысты емес әртүрлі шаралардан (әртүрлі семинарлар, спорттық жарыстар, көркемөнер сабақтары, туристік сапарлардан және т.б.) және қоғамдық жұмыстарды орындау барысында жұмыстан шақыруға;
б) білім мекемесінің Жарғысында қаралған жағдайлар мен мектеп әкімшілігімен алдын-ала келісілмеген жағдайда қоғамдық шараларға байланысты әртүрлі жиналыстар, отырыстар өткізуге болмайды.
Мектеп әкімшілігі мектептің қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасауға, қызметкерлердің өз өтініштеріне сәйкес кезекті еңбек демалысын уақытын белгілейді.
Еңбек демалысының тізбесі ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін дайындалып, әр қызметкерге жеке хабарланады.
Педагогтар құрамына кезекті еңбек демалысы жазғы каникул күндері беріледі.
Жұмыстағы және оқудағы жетістіктерді марапаттау
Өзінің кәсіби міндеттерін үздік орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, білім сапасын арттырғаны, жұмыстағы жетістіктері үшін:
а) алғыс жариялау;
ә) сыйақы беру;
б) бағалы сыйлықтар беру;
в) мақтау қағаздарын беру арқылы қызметкерлер марапатталады.
Марапаттау мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылып, қызметкердің еңбек кітапшасына жазылады, әрі мектеп ұжымына таныстырылады.
Ең алдымен марапатталған қызметкерлерге кәсіби өсуіне жағдай жасалады.
Жақсы үлгерімі, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін оқушылар алғыс жариялау; бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталады.
Марапаттау сынып жетекшілерімен жетекші педагогтардың ұсынысымен, мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұйрықтың көшірмесі оқушының жеке іс құжаттарына тіркеледі.
Еңбек және оқу тәртібін сақтау жауапкершілігі
Еңбектің тәртібінің бұзылуы, яғни қызметкерлердің өзіне бекітілген еңбектің міндетінің орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін тәртіптік немесе қоғамдық ықпал ету шаралары мен қолданыстағы заңнама шеңберінде тәртіптік шара қолданылады.
Мектеп қызметкері еңбек тәртібін бұзғаны үшін мектеп әкімшілігі (директор) ҚР Еңбек Кодексінде қарастырылған келесі тәртіптік шара қолданады:
- себепсіз өзіне еңбек шартымен немесе ішкі еңбек тәртібімен бекітілген міндеттерін жүйелі орындамағаны үшін, егер қызметкерге бұрын жұмыста болмағаны (соның ішінде жұмыс күнінің барысында төрт сағаттан артық жұмыста болмағаны), есірткілік немесе улағыш есірткі пайдаланып мас күйінде жұмысқа келгені үшін тәртіптік немесе қоғамдық жаза шаралары қолданылса, онда жұмыстан шығарылады.
Жұмыстан шығару тәртіптік кеңестің ұсынысымен білім мекемесі басшысының бұйрығы арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп әкімшілігі тәртіптік шараның орнына мектептің тәртіптік кеңесінің алдына еңбек тәртібінің сақталмағандығы туралы мәселе қоюға құқылы.
Тәртіптік шара қолданар алдында тәртіп бұзушы жазбаша түрде түсініктеме беруі қажет. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы оған тәртіптік шара қолдануға кедергі келтірмейді.
Мектеп әкімшілігі тәртіптік шараны тәртіп бұзушылық орын алғаннан кейін немесе ол анықтағаннан кейін, ауруына немесе еңбек демалысына байланысты жұмысқа келмеген уақытты ескермегенде, бір айдан кем емес уақытта қолдануы тиіс.
Тәртіптік шараны бұзушылық орын алғаннан кейін алты ай уақыт өткеннен кейін қолдануға болмайды. Бұл уақыт аралағына қылмыстық іс қозғау уақыты кірмейді.
Әрбір тәртіп бұзушылыққа тек бір ғана тәртіптік шара қолданылады. Тәртіптік шара қолдану барысында қызметкердің мінезі, алдындағы еңбек тәжірибесі және тәртіп бұзушылық орын алған жағдай ескертілуі тиіс.
Қызметкер тәртіптік шара қолдану туралы бұйрыққа үш күн ішінде танысқандығы туралы қол кояды. Қажет болған жағдайда бұйрықпен мектептің барлық қызметкерлері таныстырылады.
Егер қызметкерге тәртіптік шара қолданғаннан бастап бір жыл ішінде қайтадан басқа тәртіптік шара қолданылмаса, онда қызметкерге тәртіптік шара қолданылмаған болып есептеледі.
Мектеп әкімшілігі өзінің бастамасымен немесе мектеп ұжымының сұранысымен жаңа тәртіп бұзушылық орын алмаған және қызметкер өзін жауапкершілікпен ұстаған жағдайда алты айдың өтуін күтпей-ақ қызметкерден тәртіптік шараны алып тастау туралы шешім қабылдай алады.
Тәртіптік шара қолдану уақытында берілген Ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген марапаттаулар қызметкерге көрсетілмейді.
Оқушы тәртіп ережесін бірнеше рет сақтамағаны үшін, мысалы мектепке есірткемен мас күйінде келгендігі, мектеп мүлкін жарамсыздық жағдайға әдейі әкелгендігі үшін мектептен шығарылады. Жасөспірімді мектептен шығару бекітілген заң шеңберінде жүзеге асырылады.
Тәртіп шара тәртіп бұзушылық орын алғаннан кейін немесе ол анықтағаннан кейін, ауырған немесе каникул күндерін ескермегенде, бір айдан кем емес уақытта қолданылады.
Білім беру
Мектепте оқу сабақтары белгіленген тәртіпте бекітілген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес дайындалған сабақ кестесі бойынша жүзеге асырылады.
Оқу жоспарларына сәйкес бекітілген каникул күндерінің уақытын қысқартуға болмайды.
Сабақ кестесі оқу жылына дайындалады және оқу жылының басталуына кем дегенде 10 күн ішінде көрнекі жерге ілінуі тиіс.
Оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі сабақтарды өткізу бойынша жеке сабақ кестесі дайындалып, ілінеді.
Сабақтың басталу және аяқталу уақыты оқушылар мен мұғалімдерге қоңырау арқылы хабарланады.
Сабақтың басталғандығы туралы қоңырау соғылғаннан кейін оқушы сынып бөлмесіне мұғалімнің рұқсатымен ғана кіре алады.
Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу бөлмелерінде сабақтың қалыпты өтуіне қажетті жағдай жасау үшін тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі тиіс.
Сынып жетекшілері әрбір сыныпта жақсы оқитын және тәртіпті оқушылардың бәрін сынып төрағасын (төрайымын) тағайындайды.
Сынып төрағасы (төрайымы) тікелей сынып жетекшісіне бағынады, әрі оның тапсырмаларын орындайды.
Мектеп аумағы мен бөлмелеріндегі тәртіп
Мектеп аумағын көгалдандыру және оқу бөлмелеріндегі тәртіптілікті сақтау (бүтін оқу құралдары мен жиһаздың болуы, қалыпты температура мен жарықты қамтамасыз ету) жауапкершілігі директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасарына, сынып бөлмесі бекітіліп берілген мұғалімдерге жүктеледі.
Зертханалар мен оқу кабинеттеріндегі (физика, химия, спорт залы, компьютерлік сыныптар) қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуіне, сабаққа қажетті оқу құралдарының дайындығынан негізгі маман-педагогтар жауап береді.
Мектеп аумағы мен оқу бөлмелерінде а) спирт ішімдіктерін ішуге, есірткелік және токсиндік заттарды пайдалануға; ә) құмар ойындар (карта және т.б.), соның ішінде компьютерлік ойындар ойнауға; б) темекі шегуге; в) сабақ барысында дауыстап сойлеуге тыйым салынады.
Ішкі еңбек тәртібі мектеп бөлмелерінде көрнекі орынға ілінеді.
Ішкі тәртіп ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мектептің педагогикалық ұжымымен бекітіледі.