13
декабрь
2021
"Жомарт түлек-2021"
Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жомарт түлек-2021" тақырыбымен кездесу өтті. Кездесуге Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің түлегі-қазіргі бизнесмен деген атпен танымал болып жүрген жеке кәсіпкер Қсымбеков Арман және осы мектепті бітіріп, өз мектебінді қызмет жасап жүрген қызметкерлер қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Асылбаева бұл жүздесудің мән мағыналығына тоқталды. Біздің мақсат-елімізге түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты еңбек жолын жас ұрпаққа үлгі ету, туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отрып, әлеуметтік мағызы бар "Туған жерге тағзым", "Мектепке тағзым" сияқты жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
