26
ноябрь
2021
Талантты оқушылар
Талас ауданы Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінде рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда және мемлекеттік тілдің қолданылуы аясында қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай мектепшілік "Ыбырай оқулары" атты мәнерлеп оқу байқауы өтіліп, аудандық байқауға 16 оқушы жіберілді. Бүгін 26 қараша күні осы оқушылар аудандық байқауға қатысып 9-сынып оқушысы Берікбай Жанбота, 6-сынып оқушысы Берікбай Жанерке, 4-сынып оқушысы Ералы Айнара I орынды иеленіп, Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен және дипломмен марапатталса, 7-сынып оқушысы Ділдабек Ақсезім, 4-сынып оқушысы Ақан Жансая III орынмен және қалған оқушылар Алғыс хатпен марапатталды






