Тіл пәндері айлығының қорытындысы » СШ Б.Токтыкожаулы
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 4452832
+7(771) 4194826
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тіл пәндері айлығының қорытындысы
30
октябрь
2020

Тіл пәндері айлығының қорытындысы

                                               Тіл пәндері бірлестігінің айлығының қорытындысы
1-30 қазан  аралығында  Тіл пәндері бірлестігінің айлығы  өтті. Бұл айлықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш айлық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
             Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған бірлестік жетекшісі Г. Абдиманапова тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
        Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз.Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру.
Пән мұғалімдері бекітілген кестеге сәйкес ашық сабақтар өткізді. 
Өтілетін іс-шараның тақырыбыПәні СыныбыӨтілу мерзімі мен уақыты
СағатыОрныЖауапты мұғалім
1«Қызық екен»Әдебиет9а,9ә22.10.2020Сағ 3.0031- кабАлжанбаева Нұрғайша  
2«Жүзден жүйрік»Қазақ тілі22.10.2019Сағ 3.0019-кабКалменова Салтанат  
3«Тапқырлар тартысы»Қазақ тілі23.10.2019Сағ 3.0033-кабАбдиманапова Гүлназ  
4«Тіл білгірі»Қазақ тілі21.10.2019Сағ 3.0021-кабСерікбаева Балауса
5«Люби и знай русский язык»Орыс тілі20.10.2019Сағ 3.0019- кабинетДаулбаева Гүлжан 
7«Кім жүйрік»Ағылшын тілі10-1121.10.2019Сағ 3.0017- кабинетАқылова Ләззат
Мектебіміздегі тіл мұғалімдері ерекше белсенділік танытып, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Барлық өткізілген іс-шараларға оқушылар   жауапкершілікпен белсенді түрде ат салыса қатысты.  
             Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нұрғайша   апталықтың бірінші жұмасынан бастап  5-11 сынып оқушыларымен диктанттар  жаздырды.   
«Қызық екен» атты 9а,ә- сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс сабақ өтті. Сабақ оқушылар үшін өте қызықты, тартымды болды. Оқушылар сабаққа ерекше белсенділікпен қатысты.
               Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдиманапова Гүлназ «Тапқырлар тартысы»атты 9а- сынып оқушыларымен сайыс сабақ өткізді. Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрды.   Қазақ тілі туралы даналар сөзін оқушылар жаттап келген. «Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені» бөлімінде оқушылар екеуара қарапайым диалогтар құрды. «Қос тіл-қос қанатың» атты бөлімінде орыс тілінен қазақ тіліне сөздердің баламасын  дұрыс аудару бөлімінде оқушылар қазақ тілінде білетіндерін байқадық. «Зат есімнің септік жалғауларын табу» бөлімінде орыс тілінде оқушылар дұрыс жауап бере білді. «Анам берген-туған тілім, атам берген-құрал тілім» бөлімінде оқушылар тілге қатысты мақал-мәтелдер айтты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» бөлімінде тіл туралы өлеңдерін жатқа оқыды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікбаева Балауса «Тіл білгірі» атты 5а- сынып оқушыларымен танымдық  сабақ өтті. Іс-шарада   түрлі тақырыптарды оқушылар ақын-жазушыларымыздың  өлеңдерін жатқа айтып, мәнерлі оқу бойынша және тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашып, топтық жұмыстар жүргізді. Оқушылар  іс-шараның соңында  еркін тақырып бойынша өз өнерлерін көрсетті. Мұндағы мақсатымыз оқушылар ұлттық өнерге, көнерген сөздердің  мағынасын тура  білуге үйрету.   
Орыс тілі  пәнінің  мұғалімі Даулбава Гүлжан «Люби и знай русский язык» атты 7а- сынып оқушыларымен танымдық   сабақ өтті. Мұғалім оқушыларға үш тілдің құдіреті туралы мағұлұмат берді. Дос тулалы орыс тілі мен қазақ тілінде аударып жарыстырды. Оқушылар сабаққа ерекше белсенділікпен қатысып отырды.
               Ағылшын пәндерінің мұғалімдері Ақылова Ләззат «Кім жүйрік» атты 10-11 сынып оқушыларымен танымдық сайыс сабағын өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Олар «Ана тілім» тақырыбында өлеңдерін ағылшын тілінде мәнерлеп оқу, сөзжұмбақтар шешу, берілген тапсырмалар бойынша сөздер құрастыру, мақал – мәтелдердің жалғасын табу. «Тілім-менің тірегім»тақырыбында өлеңдерін тиісті дауыс ырғағына салып, нақышына келтіре отырып,  әр сынып бойынша мәнерлеп оқыған оқушылар анықталып, марапатталып отырды. Тіл туралы заңнан  қосымша  ақпарат берілді. Әр сыныпқа берілген тапсырмалар мүлтіксіз, қатесіз орындалып отырды. Сайыс  өте қызықты өтті, балалардың көңілінен шықты.
28 қазан айында «Мемлекеттік тіл- менің тілім»  атты семинар ұйымдастырылды. 
ТақырыбыӨтілу мерзімі мен уақытыОрныЖауапты мұғалім
1«Мектептегі мұғалімнің көшбасшысы»  (коучинг)28.10.2019Информатика кабинеті Серікбаева Балауса   
2«Жақсы көңіл сыйлайық» (тренинг)28.10.2019Информатика кабинетіКалменова Салтанат
3«Ана тілі-ұлт тірегі» (баяндама)28.10.2019Информатика кабинеті Алжанбаева Нұрғайша 
4Шығармашылық есеп28.10.2019Информатика кабинетіАбдиманапова 
Гүлназ
5«Тілім менің тірлігімнің айғағы» (шығармашылық кеш)28.10.2019Акт залыАбдиманапова Гүлназ
6«Мы и природа. Антонимы» (понарамалық сабақ)28.10.2019Информатика кабинетіДаулбаева Гүлжан
7«Hight and dark hesson 4»   (понарамалық сабақ)28.10.2019Информатика кабинетіАқылова Ләззат
                          Серікбаева Балауса қазақ тілінің мұғалімі «Мектептегі мұғалімнің көшбасшысы» атты мұғалімдер арасында  коучинг өтті. Коучингке мұғалімдер қатысты. Коучинг сергіту сәтінен басталды. Жұп-жұппен қарама қарсы тұра қалып оқу жылы басында бір біріне жылы лебіздерін білдірді. Қалыпты жағдай қалыптасқан соң  екі топқа бөлінді. Топтық жұмысқа қажетті құрал жабдықтар таратылған соң жұмыс барысымен таныстырылды. Коучинг тақырыбы бойынша аздаған мағлұмат беріп, өздік жұмысқа постер әзірлемесін даярлауға тапсырды. Постер әзірлемесі: «Көшбасшы» дегенді қалай түсінесіздер?» Мұғалімдер  жаңа бағдарламаны меңгерген, бағдарлама бойынша жұмыс жасап жүргендіктен жұмыс бірден оңға басты. Постерлерін қорғаған соң толықтыру мақсатында қосымша мағлұматты көрнекі әзірленген слайдтар бойынша түсіндіру үшін көңілдерін интерактивті тақтаға аударды. «Коучтарды оқыту және жетілдіру» атты бейне роликті көруді ұсынды. Қорытындысында бейне роликті мұғалімдер талдады. Сабақ соңында, ой-түйіндемелерін стикерге түсіріп, ризашылықтары мен түсініктерін білдірді. 
               Ағылшын пәнінің мұғалімі  «Жақсы көңіл сыйлайық»  атты мұғалімдер оқушылар арасында тренинг өтті.  Тренинг 6 кезеңнен тұрады. 1. «Танысу жаттығуы» Ойынға қатысушы амандасу ретінде бір-бірінің  көңіл-күйлерін сұрайды. Жаттығуғу қатысушылар өз есімдерімен танысады. Есімдерінің  қойылу тарихын әңгімелеп береді. 2. Жаттығуға қатысушыларға тест жүргізіледі. «Сіз мейірімді адамсыз ба»? 3. Психолог: Тест ұсынады. «Қандай ағашты таңдайсыз»?
4. 1) Ойлануға арналған жаттығулар. Ойынға қатысушылар екі жұптан бөлінеді. Екі жұп бір-бірінің көз жанарына үңіліп қарау арқылы бір-бірін сипаттайды.
2)  Ойлануға арналған жаттығудың екінші бөлімінде ойынға қатысушы екі жұп бір-біріне қарап отырып, бірінші жұп қарсы жұптың бес  жасындағы кезін сипаттайды. Дұрыс айтылса, ия «дұрыс» деп, қате айтылса «дұрыс емес», мен мынадай болдым деп өзі айтып шығуы қажет. 5.Сергіту жаттығуы. «Орындарымен ауыстыру» Ойынға қатысушылар шеңберге тұрады. Содан соң туған айларына қарай орындарын ауыстырады. Әрі қарай да солай жалғастырады.
6. Психолог сөзі. «Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады»   Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне сағаттың тілінің бағыты бойынша жүрекшені ұсына отырып, кезекпен достық тілектерін білдіреді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нұрғайша    «Ана тілі-ұлт тірегі» атты баяндама оқыды. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдиманапова Гүлназ шығармашылық есебін берді.
         Орыс тілі мен ағылшын пәнінің мұғалімдері Даулбаева Гүлжан мен Ақылова Ләззат «Hight and dark hesson 4» және  «Мы и природа. Антонимы»   атты панорамалық сабақ өтті. Мұғалімдер осы екі мұғалімнің  панорамалық сабақтары аудандық семинарларда өтсе деген ұсыныстарын білдірді. 
Айлық соңында «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты шығармашылық кеш өткізілді.  Әдеби –музыкалық кеште  оқушылар тіл туралы өлеңдер және әндер орындады. Оқушылар арасында тіл мәртебесі, яғни қазақ тілі Қазақстан елінің мемлекеттік тілінің  қаншалықты дәрежеге көтерілгені жөнінде әңгімелер жүргізілді. Тіл апталығының қорытындысы шығарылып, оқушылар  сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!
Тіл бірлестігінің айлығы өте жоғары дәрежеде өтті.
Қорытынды: Тіл бірлестігі айлығының қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын.
Ұсыныс. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даулбаева Гүлжан мен ағылшын тілі пәнінің мұғаліміі мен Ақылова Ләззаттың панорамалық сабағы аудандық тамыз кеңесіне ұсынылсын.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив